Жеңіс күнін мерекелеу

Жыл сайын Доскей ауылдық округінде Жеңіс күні ерекше мақтаныш пен ризашылық сезімімен атап өтіледі. Бұл – ерлік пен батырлықтың, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының символына айналған қасиетті мереке. Аталған күн Отан қорғаушылардың ұлы ерлігін және тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегін еске салады.

Біз Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау жолында жанын қиған батырлардың жарқын рухына әрдайым тағзым етеміз. Олардың қайсарлығы мен ерлігі, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі кейінгі ұрпаққа үлгі болып, халық жадында мәңгі сақталады.

Мерекелік іс-шараларға «Смит Орталық Азия» ЖШС өкілдері белсенді түрде қатысып, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет пен алғыс белгісі ретінде сыйлықтар табыс етті. Мұндай игі бастамалар тарихи жадымызды сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға зор ықпал етеді.

басқа жаңалықтар